Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 97 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 97 бұйрығы
 
 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 17 маусымдағы № 226 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы  Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 17 маусымдағы № 226 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7052 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;

2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Комитет Төрағасы                                                                Н. Әбіқаев

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 31 қазандағы
Дата публикации
25 сентября 2019