«Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 82-VIII ҚРЗ Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңның 1-баптың 3) тармақшасына сәйкес келтіру үшін «Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірледі.

Осы жобаны іске асыру қосымша қаржы шығыстарын талап етпейді.

Аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық (және құқықтық) салдарларға әкеп соқтырмайды.

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33806 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларында:

2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке басты куәландыратын құжат – материалдық жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат.».

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

              Комитет Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                  Е. Сағымбаев

Пресс-релиз Каз
Дата публикации
21 июня 2024