Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1293 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1293 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Терроризмге   қарсы   операцияларды  өткізу   аймағында ұйымдарға

немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1293 қаулысына (2010 жылғы 21 желтоқсандағы, №344-345 (26405-26406) «Казахстанская правда» және 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №544-547 (26390) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген қаулмен бекітілген терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты елтірілген материалдық зиянды өтеу Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

 3 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысы берген, терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде көлік құралын пайдалану фактісін дәлелдейтін (көлік құралы бүлінген-бүлінбегені, жойылған-жойылмағаны немесе жанар-жағармай материалдарын пайдалану фактісі орын алған-алмағаны көрсетілген) анықтама.»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы
Дата публикации
24 сентября 2019