Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес келтіру үшін, «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасын (әрі қарай – жоба) әзірледі.
Жобаның қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс әсерін тигізбейді.
Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (www.knb.gov.kz), Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің (www.memst.miid.gov.kz) интернет-ресурстарында және «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (www.legalacts.egov.kz) 2019 жылдың 03 шілдесінен бастап орналастырылған.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті