«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен «Құқықтық актілері туралы» ҚР Заңына, «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына және «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі №471 бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі дайындалды.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» 2003 жылғы 21 қаңтардағы №64, «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы №1404 және «Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №914 қаулыларына өзгерістер енгізуді көздейді.

Қаулы жобасының қабылдаунуы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын болжамайды көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

 

Қазақстан Республикасының ҰҚК

             2024 жылғы маусым

 

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне

өзгерiстер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                                О. Бектенов

 

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2024 жылғы ___________

№ _______ қаулысымен

бекiтiлген

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

 

  1. «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру қағидалары»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;                                              

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру тәртібі»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Денсаулық сақтау ұйымдары терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде жүзеге асырады.».

  1. «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Терроризм профилактикасының тәртібі»;         

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құқықтық шараларға әкімшілік, қылмыстық, ұйымдастырушылық және терроризмге қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны және террористік қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының, радиоактивтік материалдардың, қауіпті биологиялық заттар мен химиялық реагенттердің заңсыз айналымын жасағаны, терроризмді қаржыландырғаны үшін жазаның бұлтартпастығы, сондай-ақ көші-қон процестері мен ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану, оның ішінде экстремистік және террористік бағыттағы интернет-ресурстарды бұғаттау тәртібін реттеу үшін жауапкершілік механизмін жетілдіруге бағытталған өзге де шаралар жатады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Мемлекеттік органдардың террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм актісінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі».

  1. «Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 914 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларында:

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мүліктің терроризм актісінің жолын кесу кезінде зақымдалу фактісін растайтын терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) және теңіздік жедел штабының басшысы (мүліктің зақымдалғанын немесе жоғалғанын көрсете отырып) берген анықтаманы;».

Пресс-релиз
Дата публикации
14 июня 2024