«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының №30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының №30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11360 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру», осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес;
5) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру», осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес;»;