«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының баспасөз-релизі

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12-тармағының бесінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 249-1) тармақшасына сәйкес келтіру үшін «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 6 маусымдағы № 75/қе бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) бекітілді.

Осы бұйрықты іске асыру қосымша қаржы шығыстарын талап етпейді.

Аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық (және құқықтық) салдарларға әкеп соқтырмайды.

Баспасөз-релизі
Дата публикации
04 июня 2024