Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын асханалық-асүйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын асханалық-асүйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
 

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын асханалық-ас үйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын асханалық
Дата публикации
24 сентября 2019