№ 23/қе 27.03.2018 ж. Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы

№ 23/қе 27.03.2018 ж. Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы
 
 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы»  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары бекітілсін.       

2.   Күші жойылды деп танылсын:

1) «Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1240 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12766 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12794 болып тіркелген, 2016 жылғы
26 қаңтарда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.)

Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
24 сентября 2019