№__ дана
Байланыс операторларымен және (немесе)
байланыс желілерінің иеленушілерімен өзара
іс-қимыл жасау үшін Қазақстан Республикасы
ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 358 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидалары 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Байланыс операторларымен және (немесе) байланыс желілерінің иеленушілерімен өзара іс-қимыл жасау үшін мынадай Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелері айқындалсын:
Астана және Алматы қалалары бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметінің
Жедел-техникалық іс-шаралар департаменті;