Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 85/қе бұйрығы

Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 85/қе бұйрығы
 
 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰҚК Төрағасының 2014 жылғы 25.09. № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 83-бабы екінші бөлігіне және «Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының 2018 жылғы 30 қазандағы
Дата публикации
23 сентября 2019