«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
20__ жылғы «___» _________№ _____
бұйрығымен бекітілген
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
алушы – қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды жүзеге асыратын тұлға;
жауапты бөлімше – шығыстарды өтеу туралы бұйрықты әзірлеуге жауапты болып анықталған кадр бөлімшесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратында және орталық аппараты жанында –құрылымдық бөлімшенің кадр бөлімшесі);
уәкілетті басшы – «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам.
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінен шығарылған адамдарға шығыстарды өтеу, егер олар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс іс-қимылдары мен бітімгершілік операцияларының қатысушылары болған жағдайда жүргізіледі.
2-тарау. Шығыстарды өтеу тәртібі
Шығыстарды өтеу үшін алушы мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда өтініш;
2) қаза болғаны туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;
3) алушы құжатының көшірмесі (жеке куәлік немесе (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәлік) немесе (жеке тұлға үшін) жеке кәсіпкер патент);
4) алушының теңгедегі банк шотының нөмірі туралы мәлімет;
5) мәйітті тасмалдауға дайындауға, мәйітті тасмалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды растайтын құжат.
Қайтыс болғаны туралы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер (2007 жылғы 13 тамыздан кейінгі) «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.
1) қызметкердің қаза болу (өлімі) себебі мен жағдайының қызметтік тексеріс материалдарының көшірмелері және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметті өткерумен байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) және қаза болуының (қайтыс болуының) себептi байланысы туралы әскери-дәрігерлік комиссиясының қорытындысының көшірмелері;
2) қаза болған (қайтыс болған) қызметкерді мекеменің жеке құрам тізімінен шығару жөніндегі бұйрықтан үзінді.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге пысықтау үшін кері қайтарады.
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына қосымша
Кімге: _______________________
(уәкілетті басшысына)
__________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
______________________________тұрады.
Тел._________________________
Өтініш
Сізден, маған қызметті өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған
(қажеттісін астын сызу)___________________________________________________,
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
мәйітін тасымалдауға дайындауға мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеуді сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
4.____________________________
5.____________________________
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінішті қарау үшін талап етілген, шектеулі рұқсаттағы жеке деректерді қарауға рұқсатымды беремін.
20___ жылғы «____» ____________
Өтініш берушінің қолы _______________