ЖОБА
№ 1 дана
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комиетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Комитет Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2024 жылғы «___» _______
№____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) тәуліктік наряд құрамына кіретін, жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызмет (жауынгерлік қызметті 24 сағаттық режимде атқару кезінде) атқарушы қызметкерлер;
2) әскери, арнаулы оқу мекемелерінің казармалық жағдайдағы курсанттары, тыңдаушылары;
3) оқу жаттығуларға қатысушы, сондай-ақ арнаулы жиындарды өткеруші (далалық жағдайда) қызметкерлер, егер бұл іс-шаралар бір тәуліктен асатын болса;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери-медициналық бөлімшелерінде емделуші немесе тексеруден өтуші қызметкерлер;
5) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысушы қызметкерлер.
Сондай-ақ ҰҚО әскери, арнаулы оқу орнына түсуге жіберілген және казармалық жағдайда тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары келген күнінен бастап қабылданған немесе іріктеу кезінде қабылдаудан бас тартылған күнге дейін мемлекет есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Тамақпен қамтамасыз ету тәртібі
Азық-түлік үлесін беру кезінде азық-түлік өнімдерін басқа өнімдерге алмастырудың заттай нормаларында белгіленген өнімдердің өзара алмасу нормалары шегінде рұқсат беріледі.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген).
Жекелеген жағдайларда тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген құрғақ азық үлесін беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте құрғақ азықпен тамақтандыру үш тәуліктен аспау қажет.
ҰҚО мемлекеттік мекемелері тамақпен қамтамасыз етуді дербес ұйымдастырған жағдайда, онда азық-түлікті тарату мәзірін тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты қызметкер дайындайды.
Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша тамақтандырылатын адам санына қарамастан жасалады және оны материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бөлімнің) бастығы, тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адам, тамақпен қамтамасыз етілетін бөлімшенің жауапты лауазымды адам, медициналық қамтамасыз етуді жауапты лауазымды адам қол қояды және ҰҚО мекеме басшысы не болмаса оның міндетін атқарушы адам үш данада бекітеді. Бір данасы ҰҚО мекемесінің бухгалтериясында, екінші мен үшінші даналары тамақтану және пісіру залдарына орналастырылады.
Бекітілген азық-түлікті тарату мәзіріне өзгеріс енгізу ҰҚО мекеме басшысының не болмаса оның міндетін атқарушы адамның жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Әр тамақ қабылдау алдында бақылауды жүзеге асыратын адамдар азық-түлікті тарату мәзіріне сәйкес тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормасының толық жеткізілуін, сондай-ақ пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тексереді.
Медициналық бөлімшенің қызметкері пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тікелей ыстық ас цехында татып көру арқылы, ас дайындау және тамақ қабылдау пунктері үй-жайларының санитарлық жағдайын тексереді.
Бақылау қорытындысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабына жазылады. Осы кітапта медициналық бөлімшенің жауапты қызметкері дайын тағам мен сусындардың сапасы туралы, өзі тексерген үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы жазады, сондай-ақ оны пайдалануға рұқсат береді, осыдан кейін қызметкерлерге тамақ беруге рұқсат етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеретін адамдар цехтарға және басқа да тамақтану орындарының үй-жайларына барған кезде санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтайды.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінен тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдар:
1) тамақтанушылар саны мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап жеткізіледі және нақтылау, қажет болған жағдайда жүргізіледі;
2) ай сайын тамақпен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің бөлімше бастығы не болмаса оны алмастыратын адам бекіткен, күн сайынғы жүк құжатын қоса ұсына отырып, бір айлық тамақтандыру туралы есептің негізінде осы Қағидалардың 2 және 3-қосмашаларға сәйкес нысан бойынша қызметті жеткізіп берушімен өзара есеп айырысуды жүргізеді және есептік айға орындалған қызметтердің актісін бекіту үшін жасайды;
3) әрбір тамақ қабылдар алдында тарату мәзіріне сәйкес тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын толық жеткізілуін тексереді;
4) қажет болған жағдайда, егер көрсетілген қызмет мемлекеттік сатып алу шартында қарастырылмаса, дайын тамақты ас қабылдау орнына дейін санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтай отырып, тасымалдауды ұйымдастырады.
1) әр айдың 3 кешіктірмей материалдық-қамтамасыз ету бөлімшесіне бөлімше бастығының не болмаса оны алмастыратын адамның қолымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің саны ен тамақтану орнын көрсете отырып (тамақтанатын адам саны көбейген жағдайда қосымша нақтыланған өтінім және хат-негіздеме жолдануы мүмкін) алдағы айға арналған өтінім жолдайды;
2) әр айдың 3 кешіктірмей бөлімше бастығының не болмаса оны алмастырушы адам бекіткен осы қағидалардың 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша күн сайынғы жүк құжатын қоса ұсына отырып, бір айлық тамақтандыру туралы есепті материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне жолдайды.
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы қызметкерлерін
тамақпенқамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу
КІТАБЫ
______________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
____ ж. «______»_____ басталды
____ ж. «_____»_____ аяқталды
|
Ас қабылдау |
«__» _____ 20__ ж таратылымы бойынша тағамның атауы. |
Қазанға салынды, кг |
нақты масса, г |
Тағамды дайындаған аспаздың тегі |
Дәрігердің қорытындысы (дайын тағамның сапасы және асхананың санитарлық күйі туралы фельдшер) |
Тағамды беруге ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесі |
Дайын тағамның дәмдік сапасы және өлшемнің толық салмағын ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы (басқа да өкілетті тұлғалардың) бағалауы ет (балық) масса |
||||
|
ет (балық) |
картоп |
(макарон бұйымдарының) дақылдары |
тағам |
Ет (балық) өлшемі |
|||||||
|
масса |
% қалдық |
||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Таңғы ас |
|
||||||||||
|
Түскі ас |
|
||||||||||
|
Кешкі ас |
|
||||||||||
Аспаз __________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Азудың дұрыс жүргізілуін және азық-түліктің қалдығын тексердім
________________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ ж. «__» _____________
Ескертпе:
Осы адамдар бірінші тағам бойынша 7 және 8-бағаналарды толтырады, 7-бағанда етсіз және балықсыз өлшемнің салмағы, екінші тағам бойынша – гарнир мен тұздықдың салмағы (жарнақ арқылы) жазылады. 8-бағанда ет пен балықтың нақты өлшемі жазылады.
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы қызметкерлерін
тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________
(тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі бойынша жеткізіп берушінің атауы)
20__ жылғы «___» _________
№ ___ жүк құжат
|
Р/с № |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырды (жіберді) ________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қабылдады ________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік
органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін
тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бекітемін
(лауазымы)
(қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
20__ жылғы __________
_____________________ (бөлімше)
қызметкерлерін тамақтандыру туралы
есебі
|
Р/с № |
Күні |
Саны (адам) |
Ескертпе |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
6 |
|
|
|
Есепті құрастырған _________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
20__жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы қызметкерлерін
тамақпен қамтамасыз ету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
_________________________
(лауазымы)
__________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
20__жылғы «___» _________
__________________ (бөлімше)
Қызметкерлерін тамақтандыруға арналған
өтінім
|
Р/с № |
Тамақты қабылдау орны |
Саны (адам) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________________________
Жауапты адам
20_____ ж. «____» ________________