Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Қазақстан Республикасының

                   Премьер-Министрі                                                     Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

20__ жылғы «__» ________ № ___ қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысы.
  2. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары мен заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
    7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгерістер енгізу және «Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 679 қаулысының 1-тармағы.
  3. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 80 қаулысы.
Проект постановления Каз
Дата публикации
26 января 2024