«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 5-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған ғимараттарды, тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шартттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың үй-жайларын және олардағы мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру Қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық қамтамасыз ету қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
- Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комиетінің интернет-ресурсында орналастыру;
- Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық оның ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2024 жылғы
«___» ________ №______ бұйрығымен бекітілген
Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шартының мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың үй-жайларын және олардағы мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары:
1 тарау. Жалпы ережелер
- Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру шартының қолданылу мерзімі шегінде ғимараттарды, асхана үй-жайларын және оларда орналасқан мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) тамақтандыруды өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.
- Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
- тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарт – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасынның шеңберінде жасалған шарт;
- жалға беруші – тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша, яғни жасалған шарттардың мүдделері үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі;
- балансұстаушы – мүлкі бекітіліп берілген, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі;
- жалдаушы – жеке және заңды тұлғалар.
- Жалға берушінің мүліктерді өтеусіз уақытша беру жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарттық міндеттемелерді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
- Жалға алушыға уақытша пайдалануға берілетін мүліктің тізбесін тамақтандыру ұйымдастыру бойынша шарт жасалғаннан кейін жалға беруші жасайды.
2 тарау. Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы мерзімді шегінде шарттың қолданылу мерзімінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) ғимараттарды, асхана үй-жайларды және оларда орналасқан мүлікті өтеусіз уақытша беру тәртібі
- Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мерзімді шегінде жасалған шарттың ғимараттарды, асхана үй-жайларды және оларда орналасқан мүлікті өтеусіз уақытша беру үшін жалға беруші мен жалға алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінежәне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге жасалған шарттардың мерзімдері шегінде мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасасады (бұдан әрі – Жалдау шарты).
- Жалға беруші жалға алушымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша шарт тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Жалдау шартын жасайды.
- Жалға беруші Жалдау шартын жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қағиданың қосымшасына сәйкесінше нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес барлық мүлікті жалға алушыға береді.
- Қабылдау-тапсыру актісі үш данада, жалға берушіге, жалға алушыға және баслансұстаушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде жалға беруші мен жалға алушымен қол қойылып жасалады.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» қаулысымен бекітілген ғимараттарды ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде орындалған жұмыстар тізіміне сәйкес асхананы қосалқы үй-жайымен, сондай-ақ асхананың құрал-жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеуді жалға алушы уақытша пайдалануға қабылданған мүліктерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізеді.
- Жалға алушы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы оқу орындарының курсанттық асханасын қоспағанда, коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, объектіге қызмет көрсеткені үшін төлемдерді төлейді, көрсетілген қызмет үшін төлемдер жалға алушымен тікелей ведомстволық күзетке, эксплуатациялық, коммуналдық, санитариялық қызметтерге төленеді.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы оқу орындарының курсанттық асханасында коммуналдық қызмет жалға алушыға белгіленген лимит шегінде тегін ұсынылады, ол Жалға алу шартында көрсетіледі.
- Жалға алушылар жалдауға (жалға алуға) алынған мүліктің сақталуына жауапкершілік алады. Жалға алушының кесірінен мүлік жарамсыз болған жағдайда, жоғалса немесе мерзімінен бұрын тозығы жетсе аталған кемшіліктер жалға алушының өз есебінен қалпына келтіреді (кемшіліктер жойылады).
- Тапсырылған мүлікті жалға алушымен дұрыс тұрақты негізде пайдалануды бақылауды жүзеге асыру жалға берушінің уәкілетті лауазымды тұлғалардың құқығы Жалдау шартында көрсетіледі.
- Жалға алушының санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласында нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі жөнінде қорынтындысын міндетті түрде алу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұрғындарының санитариялық – эпидемиологиялық амандық саласындағы құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асырылады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шартының мерзімді шегінде ғимараттарды, асханалардың үй-жайларын және олардағы мүлікті мүлікті жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларына қосымша
Қабылдау-тапсыру актісі
_________қаласы «___» _________20___жыл
Жалға беруші________________________________________________________
(жалға берушінің атауы)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бір жағынан Жарғы негізінде әрекет ететін,
және жалдаушы ______________________________________________________
(жалдаушының атауы)
атынан______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
негізінде әрекет ететін_________________________________________________
(құрылтай құжаттарының атауы және тіркелген күні)
мекенжайы бойынша орналасқан объектіде қабылдау-тапсыру жүргізілді:
____________________________________________________________________,
жалпы ауданы_______________________________________________________,
№____ «___» ______20___жылғы мүліктік жалдау шартына сәйкес.
- Объектінің сипаттамасы:
____________________________________________________________________
- Анықталған ақаулар тізбесі бар берілетін объектінің және ондағы мүліктің техникалық жай-күйі (егер бар болса):
____________________________________________________________________
3. Коммуникациялардың болуы_________________________________________
(сумен жабдықтау, кәріз, жылу энергиясымен
____________________________________________________________________
және газбен қамту бар-жоғын көрсетіңіз)
4. Есептеу аспаптарының көрсеткіштері (су-кәріз және электр энергиясы):
__________________________________________________________________
5. Аталған акт (3) данада жасалды, жалға берушінің, жалдаушының және балансұстаушыға бір-бір данадан.
|
ЖАЛҒА БЕРУШІ:__________________ __________________________________ (жалға берушінің атауы) ________________________________ ________________________________ ________________________________ (орналасқан жері) ________________________________ ________________________________ ________________________________ ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ ________________________________ (қолы) М.О.
|
ЖАЛҒА АЛУШЫ:_______________ ________________________________ (жалға алушының атауы) ________________________________ ________________________________ ________________________________ (орналасқан жері) ________________________________ ________________________________ ________________________________ ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ ________________________________ (қолы) М.О.
|