«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 161-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің мүлкін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай енгізілген кезде беру қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов