Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ережесінің 15-тармағының 209) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                   

                  Комитет Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                           Е. Сағымбаев

 

Приказ Каз
Дата публикации
17 января 2024