Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 2 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77-бабының 3-1-тармағына сәйкес келтіру үшін «Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына бару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірледі.
Осы жобаны іске асыру қосымша қаржы шығыстарын талап етпейді.
Аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық (және құқықтық) салдарларға әкеп соқтырмайды.