Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 50-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                   Комитет Төрағасы                                                       

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                          Е. Сағымбаев

Бұйрық Қаз
Дата публикации
07 октября 2023