Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 187-бабының бірінші және бесінші бөліктеріне, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 313-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сағымбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы «___» ____________ № _______ бұйрығымен бекітілген |
Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге
көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қаржы бөлімшесі – төлемдер жүргізу және ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша функциялар жүктелген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) құрылымдық бөлімшесі немесе ҰҚК аумақтық органының бөлімшесі;
2) уәкілетті бөлімше – жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүргізуге уәкілетті ҰҚК құрылымдық бөлімшесі немесе ҰҚК аумақтық органының бөлімшесі.
2-тарау. Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу тәртібі
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК)
255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіштері (бұдан әрі – АЕК);
2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 (бір мың) АЕК.
1) айыптау үкімі немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген жағдайда;
2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында қарастырылған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.
Егер қылмыстық іс өндірісін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізген жағдайда талон-хабарламаны жолдауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелері жүзеге асырады.
Ақпаратты хабарлаған адамның сыйақы алу құқығы пайда болғаны туралы уәкілетті бөлімше де хабардар етіледі.
Сыйақыдан бас тартқан жағдайда ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына тиісті өтініш береді.
1) ақпаратты хабарлаған адамның сыйақы төлеу туралы өтініші;
2) талон-хабарлама түбіртегінің көшірмесі;
3) заңды күшіне енген айыптау үкімінің немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының не болмаса ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;
4) жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, ақпаратты хабарлаған адамның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
5) ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктік есепшоты көрсетілген екінші деңгейлі банк анықтамасының түпнұсқасы. Ағымдағы банктік есепшоты болмаған жағдайда адам өзі кез келген екінші деңгейлі банктен ағымдағы банктік есепшот (бұдан әрі – ағымдағы банктік есепшот) ашады.
Аталған құжаттарды жинақтау ақпаратты хабарлаған адамның оларды берген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы төлеу тәртібі
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражаттар болмаған кезде сыйақы төлеу міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізген соң күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүргізіледі.