өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитетімен «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты Объектілерді террористік тұрғыдан осалға жатқызу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) жетілдіру мен Объектілерді террористік тұрғыдан осалға жатқызу өлшемшарттарын (бұдан әрі – Өлшемшарттар) нақтылау болып табылады.
Түзетулермен ұсынылатыны:
Қаулы республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығынды қарастырмайды және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарларды болдырмайды.
Жоба 2023 жылғы 25 мамырдан НҚА ашық интернет порталының «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінде орналастырылды.
ҚР ҰҚК
ЖОБА
«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) объектіні зерттеп-қарау –объектінің террористік тұрғыдан осал объектіге жатқызу өлшемшарттарына оның сәйкес келуін зерделеу бойынша іс-шаралар кешені;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Терроризмге қарсы комиссия террористік тұрғыдан осал объектілер тізбелерін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындаған кезінде, қажет болса:
1) өтінімдерге сәйкес объектілер туралы қосымша ақпарат сұрата алады;
2) өтінімдер жоқ объектілерге қатысты объектілерде олардың өлшемшарттарға сәйкес келулеріне зерттеп-қарау жүргізе алады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Объектіні зерттеп-қарауды аумақтық ішкі істер органдарының өкілерін тарта отырып терроризмге қарсы комиссияның аппараты ұйымдастырады.
Объектілерді тексеріп-қарауға салалық өкілдерді (электроэнергия, ғарыш, жылу техникасы мен басқа да салалар) тарту мақсатында оған басқа мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың, атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ тексеріп-қаралатын объектінің мақсатына сәйкес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері қатыса алады.
Объектіні зерттеп-қарау кезінде оған қатысушылармен объекті (объектіге бару арқылы) мен (немесе) оның өлшемшартқа сәйкес келуін немесе келмеуін анықтауға мүмкіндік беретін объекті туралы ақпарат (меншік иелерінен (иеленушілерден не болмаса келісім-шарт бойынша жалға алушылардан), объект басшыларынан не болмаса оның өкілдерінен сұралады) зерделенеді.
Зерттеп-қарау нәтижесі бойынша оның өлшемшарттарға сәйкес келуіне осы Қағиданың 1-1-қосымшасына сәйкес нұсқа бойынша объектіні зерттеп-қарау актісі жасалынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының объектілері – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның объектісі.»;
«4-1) спорттық атыс бойынша спорттық клубтар - жабылған (жабық) тирлер, жартылай ашық тирлер, ашық тирлер (атыс орындары), стендтер пайдаланылады»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, олардың ведомстволарының, құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының объектілері;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бұзылуы (қызметінің бұзылуы) жаһандық, өңірлік немесе жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін су шаруашылығы объектілері (гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын гидротораптар, шлюздер, бөгеттер);»;
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) байланыс, телекоммуникация, телерадио хабарларын тарату (Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату дирекциясының техникалық орталықтары, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан радиотелевизиялық станциялар) объектілері;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері.»
5-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сауда алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан да көп сауда объектілері. Сауда алаңына қарамай оның аумақтарда қару-жарақ және оқ-дәрілер саудасы жүзеге асырылатын объектілер»;
«4) 500 (бес жүз) және одан көп адамның бір мезгілде болуына (сыйымдылығына) есептелген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары. Сыйымдылығына қарамай спорттық атыс бойынша спорттық клубтар».
|
Қазақстан Республикасының |
Ә. Смайылов |
2023 жылғы «__» ______
№ __
Қазақстан Республикасының қауылысына
1-қосымша
Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидаларына
1-қосымша
___________ (облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне (тізбесінен) енгізу және (немесе) шығару туралы өтінімі
___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін объектілер:
|
Р/с№
|
Объектінің толық және қысқартылған (егер бар болса) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны |
Заңды негізде объектіге ие заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе объектінің жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері) |
Объектінің меншік иесі, баланс ұстаушы туралы ақпарат |
Объект қызметінің жалпы бағыты |
Ведомстволық тиесілігі туралы ақпарат (мемлекет меншігіндегі объектілер үшін) немесе салалық тиесілігі (жеке меншіктегі объектілер үшін) |
Байланыс деректері (объектінің электрондық пошта жәшігінің, оның басшылығының ресми мекенжайы, ұялы телефондардың нөмірлері, қалалық телефон желісінің телефондары) |
Ескертпе (объектінің ерекшелігі, оның ішінде адамдар көп жиналатын объектілерге арналған объектінің сыйымдылығы, объекті тобы (бар болса), басқа) |
|
|
Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға негіз болған өлшемшарт |
||||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
.. |
|
|
|
|
|
|
|
|
___________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында орналасқан аумақтық тізбеден шығару ұсынылатын объектілер
|
Р/с№
|
Объектінің (толық және қысқартылған (егер бар болса) атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны |
Заңды негізде объектіге ие заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері (заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе объектінің жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері |
Объектінің меншік иесі, баланс ұстаушы туралы ақпарат |
Байланыс деректері (объектінің, оның басшылығының электрондық пошта жәшігінің ресми мекенжайы, ұялы телефондардың нөмірлері, қалалық телефон желісінің телефондары) |
Шығару себебі (объектіні пайдалануды тоқтату және (немесе) объектінің функционалдық мақсатының өзгеріп, оның өлшемшарттарға сәйкестігінің жоғалуына әкелуі, басқалар) |
|
Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызуға негіз болған өлшемшарт |
|||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
.. |
|
|
|
|
|
2023 жылғы «__» ______
№ __
Қазақстан Республикасының қауылысына
2-қосымша
Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидаларына
1-1 -қосымша
______________ (объекті атауы) террористік тұрғыдан
осал объектілерге жатқызуға сәйкес келуіне
объектіні зерттеп-қарау актісі
______________________ мекенжайында орналасқан (нақты мекенжайын көрсету) __________________ объектісі (объектінің толық және қысқарталыған атауы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) сәйкес келуі зерттеліп-қаралды.
Зерттеп-қарау барысында ______________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала, астан, облыс жанындағы аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) құрамындағы терроризмге қарсы комиссия өкілдерімен объект:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Өлшемшартқа сәйкес объектіні террористік тұрғыдан осалға жатқызу туралы шешім қабылдау үшін маңызды объектінің ерекшелігі көрсетіледі: қарамағында объектісі бар мемлекеттік органның атауы (мемлекеттік объектілер үшін); қызмет саласы (қажет болған жағдайда); объект алаңы; сыйымдылығы және басқа) анықталды.
Комиссия мүшелері:
______________________________ (қолы) _____________ Аты-жөні, тегі
______________________________ қолы) _____________ Аты-жөні, тегі
______________________________ қолы) _____________ Аты-жөні, тегі
_____________________________ (қолы) _____________ Аты-жөні, тегі
_____ жылғы «____» ___________ (зерттеп-қарауды жүргізу мерзімі).
Объектінің меншік иесі, иеленушісі немесе оның заңды өкілі:
__________ (қолы) __________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2023 жылғы «__» ______
№ __
Қазақстан Республикасының қауылысына
3-қосымша
Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидаларына
2 –қосымша
___________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі[1]
|
Р/с №
|
Объектінің атауы (заңды/жеке тұлғалар) |
Объектінің заңды мекенжайы |
Объектінің нақты мекенжайы |
Мемлекеттік органға ведомстволық / салалық тиесілігі (бар болса) |
Ескертпе (объекті тобы (бар болса) адамдар көп жиналатын объектілер үшін сыйымдылығы және басқалары) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|||||
|
Жатқызылу өлшемшарттары |
|||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
1-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______. |
|
||||
салаларының объектілері |
|||||
|
Жатқызылу өлшемшарттары |
|||||
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
2-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______. |
|||||
|
|||||
|
Жатқызылу өлшемшарттары |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______. |
|||||
|
|||||
|
Жатқызылу өлшемшарттары |
|||||
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-бөлім бойынша барлық объектілер саны _______. |
|||||
|
Объектілердің жалпы саны _______.
|
|||||
Ескертпе:
1) құқық иесі объектілерді пайдаланатын бір орган немесе ұйым болып табылатын, бір немесе бірнеше аумақтық байланысқан алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге бір объект ретінде енгізілуге тиіс;
2) құқық иеленушілері объектілерді пайдаланатын әртүрлі органдар немесе ұйымдар болып табылатын, бір немесе бірнеше аумақтық байланысқан алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге жеке объектілер ретінде енгізілуге тиіс;
3) құқық иесі бір орган немесе ұйым не объектілерді пайдаланатын тұлға болып табылатын, аумақтық тұрғыдан қашық және (немесе) технологиялық және техникалық жағынан өзара байланысты емес алаңдарда орналасқан объектілер тізбеге жеке объектілер ретінде енгізілуге тиіс;
4) егер ұйым өлшемшартқа сәйкес келсе және бұл ретте пайдаланылатын объектінің меншік иесі немесе өзге де заңды құқық иеленушісі болып табылмаса, онда ұйым және пайдаланылатын объект (оның орналасқан жері) террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне бір объект ретінде енгізіледі.
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне құқықтық актінің бір-бір данасы жіберіледі;
2) тиісті үзінді берілген өтінімдерге сәйкес орталық мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне жіберіледі.
____________________________
[1] Тізбе қосымшаға сәйкес кесте нысанында мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітіледі. Террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізбесінің нөмірленуі тізбе шегінде рет-ретімен болуы тиіс.