БҰЙЫРАМЫЗ:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының
5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақта:
5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы;»;
мынадай редакциядағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметі шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы.»;
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 6, 7-қосымшаларға сәйкес 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сағымбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі
Ә. Қуантыров |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті