Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидалары 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау жөніндегі органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 711/қе-қа бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандарды даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау жөніндегі орган болып белгіленсін».
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2-қызметінің 1-департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында екі жұмыс күні ішінде орналастыруды;
- осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараны орындағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы іс-шараны орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев