Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы үлгi ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өзінің қызметiнде ТЖК «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты, осы Ережені және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа алады.».
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ережеде:
12-тармақтың 22)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы
№ 776қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулық пен мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде кұпиялылық режимі мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу;».
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.».