БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларында:
1-тарауда. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын жылқылармен жабдықтау нормасы»:
8-тармағының ескертпесін мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жылқының шекті жасы – 15 жыл»;
2-тарауда. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын иттермен жабдықтау нормасы»:
5-тармағының ескертпесін мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Иттің шекті жасы – 8 жыл 3 ай».
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
«___» ___________ 20__ жыл