«Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 15/қе бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

2018 жылғы 23 қазандағы

№ 86/қе бұйрығына

1-қосымша

 

          аталған бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:

 «

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

                                                                                                                             » деген жол

мынадай редакцияда жазылсын:

«

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қосылған құн салығы

ескерілмеген бағасы, теңге

Қосылған құн салығы

ескерілген бағасы, теңге

   »;

осы бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                    Төрағасы                                                                      Е. Сағымбаев

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

төрағасы

Бұйрық
Дата публикации
14 апреля 2022