БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.
- Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.
- Осы бұйрық 2020 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің
3-тармағынан басқа, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР ҰҚК Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К. Мәсімов