«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/ке бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 20609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

бұйрыққа 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметті жүзеге асыру үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 1-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беруге арналған өтініш (бұдан әрі-лицензия) тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, лицензиялық алымның төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 10 жұмыс күні ішінде «Ақпараттық қауіпсіздікті және арнайы техникалық құралдарды қамтамасыз ету салаларындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі-біліктілік талаптары).

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асырады:

1) құжаттардың түпнұсқаларын;

2) көрсетілетін қызметті алушының арнайы бөлінген үй-жайлары;

3)техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз жиынтығының болуы.

Көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші біліктілік сынағын тапсыру нәтижелері негізінде мәлімделген мамандардың білім деңгейіне бағалау жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында лицензия дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде лицензия немесе лицензия беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 1-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлету тәсілдері

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде ұсынылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады:

1) лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Төлем қолма-қол және қолма-қолсыз түрде, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін екінші деңгейлі банкттер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 2-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беруге арналған өтініш (бұдан әрі-лицензия) тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алымның төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет»шлюзі арқылы дербес алады.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 10 жұмыс күні ішінде «ақпараттық қауіпсіздікті және арнайы техникалық құралдарды қамтамасыз ету салаларындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі-біліктілік талаптары).

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асырады:

1) құжаттардың түпнұсқаларын;

2) көрсетілетін қызметті алушының арнайы бөлінген үй-жайы.

Көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші біліктілік сынағын тапсыру нәтижелері негізінде мәлімделген мамандардың білім деңгейіне бағалау жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында лицензия дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде лицензия немесе лицензия беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 2-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлету тәсілдері

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде ұсынылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады:

1) лицензия беру үшін – 9 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – 0,9 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Төлем қолма-қол және қолма-қолсыз түрде, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін екінші деңгейлі банкттер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 3-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 3-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі-лицензия) беруге арналған өтініш тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, лицензия туралы, лицензиялық алымның төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 10 жұмыс күні ішінде «ақпараттық қауіпсіздікті және арнайы техникалық құралдарды қамтамасыз ету салаларындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен белгіленген біліктілік талаптарына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі-біліктілік талаптары).

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асырады:

1) құжаттардың түпнұсқаларын;

2) арнайы бөлінген үй-жай;

3) іздеу құралдарының ең аз жиынтығының болуы.

Көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі кіші қызмет түрі үшін біліктілік сынағын тапсыру нәтижелері негізінде мәлімделген мамандардың білім деңгейіне бағалау жүргізеді.

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің қызметі шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін біліктілік сынағын тапсыру талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында лицензия дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде лицензия немесе лицензия беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 3-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлету тәсілдері

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде ұсынылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады:

1) лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Төлем қолма-қол және қолма-қолсыз түрде, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін екінші деңгейлі банкттер мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 4-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 4-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Үшінші елдермен сауда – саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруге арналған өтініш (бұдан әрі-рұқсат беру құжаты) тіркелген күнінен бастап 8 жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру құжатын беруге өтінішті алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» арнайы техникалық құралдың үлгісін ұсыну туралы хабарлама жібереді.

Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия туралы Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және арнайы техникалық құралдар үлгілерінің толықтығын тексеру қорытындысы бойынша (қажет болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші 2 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру құжатын дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны рұқсат беру құжатын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде рұқсат беру құжатын немесе рұқсат беру құжатын беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 4-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«үшінші елдермен сауда – саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 5-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 5-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Үшінші елдермен сауда – саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруге арналған өтініш (бұдан әрі-рұқсат беру құжаты) тіркелген күнінен бастап 8 жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру құжатын беруге өтінішті алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» шифрлау құралының үлгісін ұсыну туралы хабарлама жібереді.

Шифрлау құралының үлгісін ұсыну мерзімі Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын және шифрлау құралының үлгісін (қажет болған жағдайда) тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 2 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру құжатын дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны рұқсат беру құжатын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде рұқсат беру құжатын немесе рұқсат беру құжатын беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 5-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«үшінші елдермен сауда – саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 6-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Осы «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 6-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Көрсетілетін қызметті беруші Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды беруге арналған өтінішті (бұдан әрі-қорытынды) ол тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

Көрсетілетін қызметті беруші қорытынды беруге өтінішті алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тауар үлгісін ұсыну туралы хабарлама жібереді.

Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Көрсетілетін қызметті беруші тауардың үлгісін зерттеуді ол ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және тауар үлгілерінің толықтығын тексеру қорытындылары бойынша (қажет болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны қорытынды беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру үшін тыңдау.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде қорытынды немесе қорытынды беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 6-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 7-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»;

бұйрыққа 7-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды (бұдан әрі – нотификация) тіркеу туралы өтініш тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.

Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжатты ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Нотификацияны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ел болып табылмайтын елді дайындаушы ұйым ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжатты ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Осы құжаттарды ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Бұл мерзім мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші нотификацияларды тіркеу туралы шешім дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны нотификацияларды тіркеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде нотификацияларды тіркеу туралы шешім қабылдайды немесе нотификацияларды тіркеуден дәлелді бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 7-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

»;

бұйрыққа 8-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген және «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.»; 

бұйрыққа 8-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) рұқсат беруге арналған өтініш (бұдан әрі – рұқсат) тіркелген күнінен бастап 8 жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беруге өтінішін алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметпен айналысу үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексереді, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/қе «ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) рұқсат беру рәсімдерін және рұқсат беру талаптарын жүзеге асыру қағидаларын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17973 болып тіркелген) бекітілген.

Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатыла тұрған кезеңге хабарлама жібереді.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды, егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмесе, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы, көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алымның төленгені туралы («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат дайындайды не көрсетілетін қызметті алушыны рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негізде рұқсат беру құжатын немесе рұқсат беру құжатын беруден дәлелді бас тартуды береді және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.»;

бұйрыққа 8-қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдана алады.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

«ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

«ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

7.

 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,                       дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін;

2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты, үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.knb.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған

»;

«шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті потрал арқылы электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ала алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49

».

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Д. Е. Ерғожинге жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

   Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                Төрағасы                                                                                К. Мәсімов

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

2021 жылғы «___» ____________

 

Приказ Каз
Дата публикации
25 ноября 2021