Жоба
№ 1 дана
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының 2017 жылғы
24 тамыздағы № 68 қе бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен қосымшалар еңгізілсін:
аталған бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаржылық материалды-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К. Мәсімов