«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасына баспасөз релиз
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасы (бұдан әрі – жоба) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынасты реттеу және өзара құқықтық негіз орнату болып табылады.
Жобаның күшіне енуі:
Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін орнату және әрі қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін күшейтуге;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының халықаралық-құқықтық ресімдеу үдірісін аяқтауға себепші болады.
Заңның 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Келісім ратификациялауға жатады және дипломатиялық арналар арқылы алынған оның ратификациясы аяқталғандығы туралы соңғы хабарлаған күннен бастап күшіне енеді.
Келісімге қол қою республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып соқтырмайды.
Жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет-ресурсында (knb.gov.kz) және ашық нормативтік құқықтық актілердің «e-gov» интернет-порталында 2021 жылдың 13 қазанында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіапсіздік комиттеті