Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитетінің «Алмас» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпорынның басшылық ету жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын.
- Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қызметтерді ұсыну, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру болып айқындалсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):
- кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер- Министрі А. Мамин