«2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Зияткерлік криптографиялық жүйелер: аппараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                                                            

        Премьер-Министрі                                                                                                                    А. Мамин

Қаулысының жобасы
Дата публикации
31 мая 2021