«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14509 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметі шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес;

4-2) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 4-2-қосымшаға сәйкес;»;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

2-тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) елеулі бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуы, оның ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: есепті ұсынбау немесе есептің белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, әзірленген және бекітілген әдістемелердің болмауы, арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының белігленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) болмашы бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, оның ішінде үшінші адамдарға лицензиардың келісімінсіз тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген әдістемелерді беру;

4) өрескел бұзушылық – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікті талап ететін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзылуы, атап айтқанда мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: маманның болмауы, мәлімделінген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болмауы, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге рұқсаттың болмауы, ең аз қажетті жабдықтың болмауы, лицензиарға хабарлау тәртібінің бұзылуы, үшінші тұлғалараға техникалық іздестіру құралдарды, сонымен қатар өндірілген, өткізілетін және жө АТҚ және құжаттарын беру тәртібінің бұзылуы;»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

∑Рз = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,7

мұнда:

∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

∑Рн = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,3

мұнда:

∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (∑Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

∑Р = ∑Рз + ∑Рн

мұнда:

∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

1) жоғары тәуекел дәрежесіне жатады– тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанға дейінгі көрсеткішті құрайды және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға жатпайды – тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі қоса алғандағы көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген.»;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген 4-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген 5-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
  • осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
  • осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

 

______________

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрі

                                    ______________

 

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті

Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
23 апреля 2021