«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 маусымдағы № 47 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11680 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметін және Шекара академиясын техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағартушылық мүлікпен, баспаханалардың полиграфиялық жабдықтары жиынтықтарымен жабдықтаудың заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

            

          Қазақстан Республикасы

       Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                         Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                                                              К. Мәсімов

Приказ
Дата публикации
11 марта 2021