БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын бейбiт уақытқа арналған ветеринарлық мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын бейбiт уақытқа арналған ветеринарлық мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормалары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын бейбiт уақытқа арналған ветеринарлық мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К. Мәсімов