«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережесі 16 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентімен бекіткен «Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бөлігін өзгерту туралы» 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамызындағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №124014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

« 7. Департаменттің құрылымы мен штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

1) Арыс қаласы және теміржол стансасы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Арыс қаласы, Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтері; Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандары;

2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ашысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ;

3) Жетісай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісай ауданы;

4) Мақтаарал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мақтаарал ауданы;

5) Сайрам аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сайрам ауданы;

6) Сарыағаш аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сарыағаш ауданы;

7) Келес аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Келес ауданы;

8) Созақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Созақ ауданы.

9) Қазығұрт аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Қазығұрт ауданы;

 10) Төлеби аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Төлеби ауданы;

 11) Түлкібас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Түлкібас ауданы;

 12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы;

 13) Сауран аудандық бөлімі. Қызмет корсету аймағы – Шорнақ, Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үш-Қайық, Яссы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабай-Қорған, Жібек Жолы, Майдантал ауылдық округтері.»

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзім ішінде хабардар етсін;

2) екі ай мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                      Төрағасы                                                 

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                                                             К.Мәсімов

 

Проект Приказа
Дата публикации
27 марта 2021