«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің штатына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 826/қбп-қа бұйрығымен жүргізілген ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12212 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 29 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:  

осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

          5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «5. Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

1) Мәртөк аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылы. Қызмет көрсету аймағы - Мәртөк, Қобда және Қарғалы аудандары;

2) Мұғалжар аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы. Қызмет көрсету аймағы - Мұғалжар ауданы;

3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, қалалық типтегі Шұбарқұдық ауылы. Қызмет көрсету аймағы - Темір ауданы;

4) Шалқар аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы. Қызмет көрсету аймағы - Шалқар және Ырғыз аудандары;

5) Хромтау аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Қызмет көрсету аймағы - Хромтау және Әйтеке би аудандары;

6) Байғанин аудандық бөлімшесі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарауылкелді ауылы. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары».

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзім ішінде хабарландыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген                           іс-шаралардың орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментін екі ай мерзім ішінде ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

            Қазақстан Республикасы

       Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                          Төрағасы

 ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                                                          К. Мәсімов

Проект Приказа
Дата публикации
18 марта 2021