Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №291-VI Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 4-тармағына шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде мемлекеттің есебінен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру құқығын беруге қатысты өзгерістер енгізді, сондай-ақ курсанттарға, тыңдаушыларға шығындарды өтеу тетігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі (бұдан әрі – жоба)
Осы жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қамту үшін республикалық бюджетте көзделген қаражаттар есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.