Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 – V Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.
Қағиданың 6-қосымшасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығымен қайта аталған Астана қаласының атауы бар.
Бұйрық жобасы 2019 жығы 27 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Сілтемесі - https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2626281
Жобаның қабылдануы кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуіне және (немесе) өсуінеәкеп соқтырмайды.
Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.