Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жоғарыда аталған бұйрығымен тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың бәсекеге қабілеттілігін белгілеумен, ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін жетілдіру көзделген.
Сонымен бірге, ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түскен қаржыларды жұмсаудың бағыттарын кеңейту, сондай-ақ ақылы қызмет көрсетудің жаңа бағыттармен – баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу мен іске асыру, қосымша білім бағдарламаларын өткізу спектрлерін толықтыру көзделеді.
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды.
Жоба 2019 жылғы 13 қарашадан бастап «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан (сілтеме: Legalacts.egov.kz).
_________________