Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғын жайларын құру және беру қағидаларында:
12-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) баянатты (өтінішті) тіркеу күніне дейін күнтізбелік он күн ішінде отбасының құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімінен жалға алушы жөнінде ақпарат;
6) баянатты тіркеу күніне дейін бір ай ішінде, егер жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болса, жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан алынған тұрғын үй берілгені туралы мәліметтер бар анықтама ұсынады.».
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мекеме басшысының шешімімен құрылатын комиссия;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлерді есепке алу жөніндегі функциялар жүктелген мекеменің бөлімшесі.»;
22-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімінен жалға алушы жөнінде ақпарат;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған тұрғын үй берілгені туралы мәліметтері бар жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтама;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин