«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы
    26 тамыздағы № 271  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9769 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 қазанда жарияланған)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарында:

1-тараудың тақырыбы  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының айырым реквизиттері - шеврон мен эмблеманың
сипаттамасы мен нысаны
 мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының айырым реквизиттері - шеврон мен эмблеманың
сипаттамасы мен нысаны»; 

2-тараудың тақырыбы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілердің сипаттамасы мен нысаны мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілердің сипаттамасы мен нысаны»;

8-сурет мынадай редакцияда жазылсын:

                                                                                                                           

8-сурет. ҰҚК Академиясының

магистратурасын бітіргені туралы белгі

                                                                                                                    

 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамада белгіленген тәртіппен

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1)  және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы қызметкерлері таныстырылсын.

4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Қазақстан Республикасы

   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

            Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры                                                    К. Мәсімов

проект изминении приказа № 271 каз
Дата публикации
07 февраля 2020