Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау жөніндегі органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидалары 2-тармағының
5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау жөніндегі орган болып айқындалсын.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық  қауіпсіздік комитеті 2-қызметінің
    1-департаментіне  заңнамада белгіленген  тәртіппен:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында екі жұмыс күні ішінде орналастыруды;
  2. осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараны орындағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы іс-шараны орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
    интернет-ресурсында орналастыру күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

              Комитет Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры                                                                                                                                            К. Мәсімов

Дата публикации
07 февраля 2020