Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2021 жылғы       1 шілдеден бастап күшіне енетін ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің                                                                                            К. Масимов

                  Төрағасы               

Бұйрық
Дата публикации
15 декабря 2020