Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
  2. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 108-құжат) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының

              Премьер-Министрі                                                        А. Мамин

 

 

Проект ПП
Дата публикации
18 января 2021