«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотталған әскери қызметшілердің қайтыс болуы туралы ӘПО басшылығы тез арада прокурорға, зайыбына (жұбайына) немесе жеке істе көрсетілген жақын туыстарына, әскери бөлім қолбасшылығына хабарлайды.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев