«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервінде көзделген қаражат шегінде жергілікті атқарушы органдар жүргізеді деп белгіленсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов