Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының
28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылап отырған әкімшілік ұстауға тартылған тұлғаларды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына (Н.А. Жоламанов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.