

Мемлекеттік құпияларды қорғау
Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесі – мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының, олар пайдаланатын мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдары мен әдістерінің және оларды жеткізгіштердің, сондай-ақ осы мақсатта жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары;
мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері.
Олар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру жауапкершілігі олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелер құрады, олардың функцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өздері жүргізетін жұмыстардың ерекшелігін ескере отырып, көрсетілген басшылар айқындайды.
Мемлекеттік құпияларды қорғау мемлекеттік орган мен ұйымның негізгі қызмет түрлерінің бірі болып табылады.
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлау қорғауы жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың көрсетілген саладағы қызметін бақылайды;
1-1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және бақылайды;
1-2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу және орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;
1-3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;
2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсат беруге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың техникалық, оның ішінде криптографиялық құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;
5) белгіленген тәртіпте мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге рұқсаттар береді;
5-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау тәртібін айқындайды;
5-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдау, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату және қорғау тәртібін айқындайды;
5-3) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған орындаудағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өзге де деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін айқындайды;
5-4) арнайы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасын бұзуға байланысты қылмыстарды анықтайды, жолын кеседі, ашады және тергейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.