
ЕЭК Кеңесінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19 шешімімен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Дәрілік заттардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы туралы» ұйғарым жобасын бекітті.
Тұжырымдама Еуразиялық экономикалық одақтың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №12 шешімімен бекітілген Жоғары Еуразиялық экономикалық ықпалдастыруды 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық бағыттарының 4.10.1 шараларын іске асыру мақсатында әзірленді.
Осы Тұжырымдаманың мақсаты дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай қағидаларына негізделген ЕАЭО дәрілік заттарының ортақ нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
1. ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің тұрғылықты халқының ауруларын емдеу, алдын алу және диагностикалау үшін қолданылатын және ортақ нарықта болатын дәрілік препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ететін дәрілік заттар айналымының бірыңғай қағидалары мен ережелерін орындау.
2. Келісімге сәйкес дәрілік препараттар айналымының жекелеген сатыларында: әзірлеу, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер, өнеркәсіптік өндіріс және дәрілік препараттарды тіркеу, сонымен қатар фармакологиялық қадағалау және дәрілік препараттар айналымының сатыларын инспекциялау барысында ЕАЭО органдарының актілерімен белгіленген дәрілік препараттар қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын сараптамалық бағалау қағидалары мен ережелерінің біртұтастығын қамтамасыз ету.
3. Одақ Фармакопеясының фармакопеялық мақалаларын әзірлеу, ЕАЭО мүше-мемлекеттеріндегі фармакопеялық стандартты үлгілер банкін қалыптастыру және қолдау үзіліссіздігінің сақталуын қамтамасыз ету.
4. Одақ шеңберіндегі Дәрілік заттар айналымын реттеудің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы келісімге сәйкес Одақтың ортақ нарығында дәрілік заттар айналымын реттеуді одан әрі дамыту және үйлестіру.
Дәрілік заттардың ортақ нарығын дамытудың негізгі бағыттары, Тұжырымдама мақсаттарына жету және міндеттерін іске асыру тетіктері
1. ЕАЭО ортақ нарығындағы дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін және айналымын реттеуді жетілдіру және оңтайландыру.
2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы ақпараттық жүйелер жұмысының тиімділігін арттыру.
3. Дәрілік заттар айналымы саласындағы ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің инфрақұрылымы мен құзіретін дамыту.
4. Фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласындағы ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің ынтымақтастығы.
5. Халықаралық тәжірибе қолдану негізінде жасалған дәрілік заттар айналымын реттеуді дамыту.